Accessibility links

Әлем жетекшілері Польшаға көңіл айтуда


Польша президенті Лех Качиньский мен бірқатар жоғары лауазымды өкілдердің қазасына қатысты әлем елдері Польша халқына көңіл айту хаттарын жолдауда.

АҚШ Президенті Барак Обама президент Качиньский мен басқа да ресмилердің қазасы Польшаға, Құрама Штаттарға, әлемге соққы болды деді.

Германия канцлері Ангела Меркель көрші еліндегі қайғылы жағдайға ортақтасып, мұны Польша үшін саяси және адами қайғылы оқиға деді.

Британия премьер-министрі Гордон Браун бұл хабар өзіне соққы болғанын айта келе, Польшаның бүгінгі заманғы жетекшілерінің бірі болған Качиньскийдің өліміне қайғырып қалғанын жеткізді.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай поляк халықның қайғысын бөлісіп, Ауғанстанға өз үлесін қосып келген Польша елі үшін дұға оқитынын айтты.

Еуропа Одағына төрағылықты алған Испанияның сыртқы істер министрі ЕуроОдақ Польшаны мұндай қиын кезде жалғыз қалдырмайтынына тоқталды.

Сондай-ақ Варшаваға НАТО, БҰҰ-ның басшылары да жеделхат жолдап, халқына көңіл айтты.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG