Accessibility links

Алматыда заңсыз митинг болып өтті


Сәуірдің 11-і күні Алматы қаласының «Астана алаңына» ондаған кісі заңсыз митингке жиналды. Митинг шамамен екі сағатқа созылды.

Жиналған халық мұнда «Рух пен тіл» жастар клубының жексенбі күні «Біз өзгерісті қалаймыз!» атты жастардың алғашқы жалпыұлттық жиынын өткізу туралы хабарын естіп келгендіктерін айтты.

Қаладағы «ескі алаңды» таңертеңнен бастап 15 автобус және ондаған жеңіл көлікпен құқық қорғау органдарының қызметкерлері торуылдап тұрды.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен төрт кісіні ұстап алып кетті. Митингке шыққандар ұсталғандарды босатпай тарқамаймыз деген талап қойған соң, құқық қорғау органдары оларды босатты. Алаңға жиналған халық бейбіт тарқады.

Осыдан екі күн бұрын «Рух пен тіл» жастар клубының жетекшісі Жанболат Мамай Алматы әкімшілігімен бір мәмілеге келіп, жексенбіге жоспарланған митингті өткізбеу туралы шешімге келгендігін хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG