Accessibility links

Таиландтағы қақтығыстан 18 адам қаза болып, жүздегені жараланды


Бангкок қаласындағы үкіметке қарсы шерушілер мен полиция күштері арасындағы қақтығыстан қаза тапқандар 18-ге жетіп, 800-ден аса адам жарақат алған. Сенбі күні құрбан болғандардың 13-і бейбіт тұрғын болса, бесеуі үкімет жасағы екені айтылып отыр.

Таиландта 20 күнге созылған наразылық шарасы сенбі күні қақтығысқа ұласқан. Премьер-министр Абхисит Вежажива үкіметінен парламентті таратып, кезектен тыс сайлаулар өткізуді талап еткен шерушілер бір айдай уақыт Бангкокқа жиналған. Полиция оларды таратуға тырысқанда, қақтығыс басталып кетті.

Телеарна арқылы жасаған жолдауында үкімет басшысы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Бірақ олардың өзін биліктен кетсін деген талабын қабылдамады. Қызыл көйлек киген шерушілерді Таиландтың 2006 жылы төңкеріспен биліктен кетірілген үкімет басшысы Таксин Шинават қолдайды.
XS
SM
MD
LG