Accessibility links

Ауғанстанда 1 шетелдік әскер мен 4 ауған сапері мерт болды


Ауғанстанның оңтүстігінен түскен хабарларға қарағанда, жексенбі күні жерді минадан тазалаушыларды әкеле жатқан автобусқа қолдан жасалған бомба тасталып, кемінде ауғандық 4 сапер мен бір шетелдік әскердің өмірін әкеткен.

Жарылыс Қандағар провинциясының Даман ауданындағы жолда болды.

Сонымен қатар Ауғанстанның оңтүсігінде халықаралық бітімгершілік күштердің бір сарбазы қолдан жасалған бомбадан қаза тапты. Ауған әскері сенбі күні Ғазни провинциясында польшалық бір әскерге оқ атып, жаралады.
XS
SM
MD
LG