Accessibility links

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының қоржыны екі медальмен толықты


Өзбекстан астанасы Ташкентте жастар мен жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия біріншілігінде, Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір күміс және қола медальмен толықты.

Жексенбі күні, сәуірдің 11-де қазақстандық спортшылар Жазира Жапарқұл (69 келіге дейін) мен Анна Нұрмұхамбетова (69 келіден жоғары) өнер көрсетті.

Халықаралық жарыстың бірінші кезеңі бойынша Қазақстан құрамасының қоржыны бес медальмен: екі алтын, бір күміс және екі қола медальмен толықты.

Сейсенбіде Азия елдерінің жасөспірім жігіттері (1993 жылға дейін туған) өнерлерін ортаға салып, жүлделі орындар үшін күреседі. Қазақстан сапынан сегіз спортшы сайысқа түспек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG