Accessibility links

Құрманбек Бакиевті тұтқындау туралы мәселе қарастырылып жатыр


Қырғызстанда өткен толқулар барысында ондаған адамның қазасына қатысы бар деп айыпталған президент Құрманбек Бакиевті тұтқындау туралы мәселе әлі қаралып жатыр.

Қырғызстан уақытша үкіметінің басшысы Роза Отунбаеваның Рейтер агенттігіне берген сұқбатында, Құрманбек Бакиевтің туыстары мен оның бірқатар жақтастарын тұтқындау туралы бұйрық шығарылғандығын мәлімдеді.

Бұған дейін президент кауіпсіздігі қызметінің басшысы мен Құрманбек Бакиевтің туған ағасы Жаныбек Бакиев, қарулы қарсылық көрсеткендерге оқ ату, ал милицияға тас атқандардың аяғынан ату туралы президент гвардиясына тапсырма бергендіктерін мойындап мәлімдеме жасаған болатын.

Ресми деректер бойынша, Қырғызстандағы толқулар кезінде билік тарапынан қолданылған қарудан қаза тапқандардың саны 81 адамға жеткен.
XS
SM
MD
LG