Өткен аптада биліктен құлатылған Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев алғашқы рет халық алдына шығып, қарсыластарын "билікті күштеп тартып алды" деп айыптады. Қырғызстанның оңтүстігіндегі Тейіт қаласында өз қолдаушыларының алдында сөйлеген сөзінде Бакиев қызметінен бас тартпайтынын мәлімдеді.
Сәуірдің 7-де үкімет күштері Бакиевтің билігіне қарсы шыққан наразылық танытушыларға оқ атып, кемінде 81 адамды өлтірді. Бакиев ел астанасынан қашып кетіп, елде уақытша үкімет құрылды.
Роза Отунбаева жетекшілігіндегі уақытша үкімет Бакиевті қамауға аламыз деп ескертіп, оның қызметінен кетуін талап етуде. Ал Бакиев болса Қырғызстандағы жағдайды қалпына келтіру үшін елге БҰҰ бітімгершілік күшін кіргізу қажет деп атап көрсетті.