Accessibility links

Қырғызстанға АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі келеді


Қырғызстанға уақытша үкіметпен келіссөздер жүргізу үшін жоғары лауазымды американдық дипломат келеді. АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блейк уақытша үкіметтің басшысы Роза Отунбаевамен және оппозицияның басқа да жетекшілерімен кездесуді көздеп отыр.

Блейктің айтуынша, Қырғызстандағы ереуілдер барысында көптеген кісі президент Құрманбек Бакиевтің жақтастарының кінәсінен қаза болды. Американдық дипломат Бакиевпен кездеспейтіндігін атап көрсетті. Бакиев қазір Жалал-Абадқа жақын маңдағы өзінің туған жері - Тейіт ауылында деп хабарланды.

Дүйсенбі күні қазіргі қырғыз билігі Бакиевті ұстау туралы шешімін жариялады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG