Accessibility links

АҚШ пен Ресей плутоний туралы келісімге отырады


АҚШ және Ресей бүгін қару-жарақтық плутоний өндірісін шектеу туралы келісімшарт қабылдайды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік саммитінің екінші күні хаттамаға қол қояды.

Саммиттің бірінші күні Украина 2012 жылға дейін байытылған уран қорларын өткізу туралы жариялады. Канада өңделген ядролық отынды АҚШ-қа қайтаратындығын хабарлады.
XS
SM
MD
LG