Accessibility links

Медведев Ирандағы гуманитарлық апат туралы ескертті


Ресей президенті Дмитрий Медведев АҚШ Иранға қарсы энергетикалық санкциялар енгізген жағдайда бұл елде гуманитарлық апат басталады деп алаңдайды.

Медведевтің айтуынша, Иранның ядролық бағдарламасын жіті бақылап отыру керек, бірақ АҚШ ұсынған санкциялар Иран халқының әлемдік қауымдастықты жек көретіндей жағдай туғызбауы тиіс. Ресей президенті санкциялар Иранның мұнай саудасына енгізілмеуі керек деп атап көрсетті.

Дмитрий Медведев Ресей өткен аптада Прагада қабылданған стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын шектеу туралы келісімнен бас тартуы мүмкін деп мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ-тың Еуропадағы зымыранға қарсы қорғаныс бағдарламасы «дисбаланс» туғызып тұр.
XS
SM
MD
LG