Accessibility links

Уақытша үкімет Құрманбек Бакиевті құқықтық иммунитетінен айырды


Қырғызстанның уақытша үкіметі арнайы құжатпен Құрманбек Бакиевті қол сұқпау құқынан айырды. Бұл туралы бүгін уақытша үкіметтің мүшесі Әзімбек Бекназаров мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Жалал-Абадты паналаған Құрманбек Бакиев өз әрекетімен аймаққа бөліну арқылы елдің біртұтастығына қауіп төндіріп отыр.

Өз кезегінде Қырғыз парламентінің экс-спикері Адахан Мадумаров Құрманбек Бакиевке қатысты қабылданған декреттің заңсыз екендігін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG