Accessibility links

Сара Назарбаева ТМД елдерінің мемлекетаралық сыйлығына ие болды


Қазақстан президентінің зайыбы Сара Назарбаева ана мен баланы қорғауға қосқан үлесі үшін ТМД елдерінің «Звезды Содружества» мемлекетаралық сыйлығына ие болды. Бұл туралы Ресейдің баспасөз және бұқаралық коммуникация жөніндегі федеральдық агенттігі хабарлады.

«Звезды Содружества» сыйлығы «Бөбек» сауықтыру және білім беру ғылыми-тәжірибелік ұлттық орталығының президенті Сара Назарбаеваға беріледі. Бұл мәртебелі сыйлыққа Сара Алпысқызы өсіп келе жатқан ұрпақтың өнегелі-рухани білім беруі, ана мен баланы қорғауға қосқан үлесі үшін лайық деп танылды», - делінген агенттік ақпаратында.

Аталмыш сыйлық ТМД елдерінің 7 мемлекетінен барлығы 9 лауреатқа берілді. Олардың барлығына 2 миллион рубль (шамамен 70 мың АҚШ доллары) ақшалай сыйлық беріледі.
XS
SM
MD
LG