Қырғызстанның уақытша үкіметі президент Құрманбек Бакиев осы күннің аяғына дейін берілуі тиіс, әйтпесе елдің оңтүстігіндегі оның үйіне шабуылдаймыз деп ескертті.
Сәуірдің 7-де үкімет күштері наразылық танытушыларға оқ атқан соң Бакиев Бішкектен Жалалабадқа қашып кеткен болатын. Қырғызстандағы толқуларда 80-нен астам адам қаза тапты.
Уақытша үкімет жетекшісінің орынбасары Әзімбек Бекназаровтың айтуынша, Бакиев құқықтық иммунитетінен айырылған. Егер Бакиев берілмесе, ол қамауға алынады деді Бекназаров. "Бұрынғы президентке қарсы қылмыстық іс қозғалды. Егер Бакиев бүгін шеруден кейін көрінбесе, арнайы қызметтер оны тұтқындау шараларын қолға алады себебі өткен түнде біз оны президенттік иммунитетінен айырдық. Енді құқық қорғау органдары оны тұтқындай алады", - дейді Бекназаров.
Жалалабадта шеру өткізіп жатқан Бакиев биліктен бас тартпайтындығын айтып отыр.