Ирақ полициясының хабарлауынша, Бағдадтағы дүкенде орын алған жарылыстан кемінде 3 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алған. Сонымен қатар Ирақ астанасындағы тағы бір жарылыстан журналист жараланған. "Әл-Рашид" телеарнасының тілшісі ауыр халде деп хабарланды.