Accessibility links

Қытайдағы жер сілкінісінен кемінде 67 адам қаза болды


Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында болған жер сілкінісінен кем дегенде 67 адам қаза болды. БиБиСи агенттігінің хабарлауынша, қирандылар астында көптеген адамдардың қалуы себебінен құрбан болғандардың саны артуы мүмкін.

Қуаттылығы 6,9 балл болған жер сілкінісі бүгін таңертең болған.

АҚШ геологиялық қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Тибет таулары маңында Чамдо қаласының солтүстік-батысына қарай 240 шақырым жерде тіркелген.
XS
SM
MD
LG