Accessibility links

Вашингтонда Иранға қосымша санкция енгізу мүмкіндігі талқыланды


Әлем елдерінің жетекшілері Иранның ядролық бағдарламасына байланысты оған қосымша санкция енгізу мүмкіндігін талқылады.

АҚШ президенті Барак Обаманың айтуынша, Вашингтон Теһранға салдары болатындай қатаң санкцияларды енгізуді қолдайды. Ресей президенті Дмитрий Медведевтің мәлімдеуінше, енгізілуі мүмкін шектеулер ядролық қаруды таратпауға бағытталуы тиіс және олар қарапайым азаматтарға әсер етпеуі керек. Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх Обамаға Нью Делидің жаңа санкцияларға қарсы екенін және мұндай шаралар әдетте кедейлерге теріс әсер ететінін айтқан.

Бұл туралы әлем жетекшілері Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік саммитінен кейін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG