Бүгін таңертең Германияда қазақ жазушысы, журналист Хасен Оралтай дүние салды.
Хасен Оралтай Қытайдың Тарбағатай аймағында 1933 жылы дүниеге келген.
Ол Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі болған әкесі Қалибек Хәкім бастаған қазақ көшімен бірге 1940-шы жылдардың соңында Қытайдан Тақла-Мақан шөлі мен Гималай тауларынан асып, Кашмир арқылы Түркияға жеткен.
Хасен Оралтай кейін туған халқының азаттық жолындағы тарихын зерттеу ісіне өзіндік үлес қосты. Алаш қозғалысына арнап бірнеше кітап жазып шығарды.
Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап «Азат Еуропа/Азаттық» радиосында еңбек етті. 1988-1995 жылдар аралығында Азаттық радиосының қазақ қызметінің директоры болды.
1995 жылдан зейнеткерлікке шығып, қазақтың өзекті мәселелеріне арналған зерттеушілік, шығармашылық еңбегін жалғастырып келді.