Польшадағы президент сайлауының нақты күні сәуірдің 21-де жарияланады. Президент міндетін уақытша атқарып отырған Бронислав Коморовскидің мәлімдеуінше, сайлаудың мерзімі марқұм президент Лех Качиньский жерленген соң мәлім болады.
Качиньский мен оның жұбайы сондай-ақ 90-ға жуық поляк азаматы сенбі күні Ресейдің Смоленск қаласы жанында орын алған ұшақ апатынан қаза тапқан болатын. Жексенбі күні Краковтағы жерлеу рәсіміне әлем елдерінің басшылары, оның ішінде АҚШ президенті Барак Обама, Ресей президенті Дмитрий Медведев және Франция президенті Николя Саркози қатысады.