Accessibility links

Якутия парламенті әлемде теңдесі жоқ заң жобасын мақұлдады


Якутия парламенті депутаттары әлем тәжірибесінде бұрын соңды болмаған «көшпелі отбасы туралы» заңды алғашқы оқылымда мақұлдады.

Заңда, көшпенді өмір салтын ұстанатын бұғы өсірушілер, аңшылар және балықшылар отбасы туралы айтылып отыр.

Якутия парламентінің отбасы жөніндегі өкілі Александр Подлоговтың айтуынша, бүгінде аталған отбасы мүшелері денсаулық сақтау, білім алу сынды конституциялық құқықтарынан айырылып отыр.

Депутаттың сөзінше, аталған заң бұл олқылықтарды түзетуі керек.
XS
SM
MD
LG