Халықаралық адам құқын қорғаушы «Амнести Интернэшнл» ұйымы Украинадағы адам құқы жөнінде өзінің баяндамасын жариялады. Онда олар Украинаның жаңа басшылығын милициядағы азаптаулар мен нәсілдік кемсітушіліктің тамырына балта шабуға шақырып отыр.
«Амнести Интернэшнл» ұйымы мамандары, Украинадағы басты проблемалар; милиция бөлімшесіндегі азаптаулар, құқыққорғау органдары қызметкерлерінің заң алдында жауап бермеуі, нәсілдік кемсітушілік және босқындар құқын қорғау жүйесінің жоқтығы екендігін атап өтті.
«Украина соңғы 20 жылда адам құқының сақталуы саласында едәуір жетістіктерге жеткенімен, милицияға түсіп қалған өз азаматтарын азаптау мен өзге де зорлық түрлерінен қорғай алмай келеді», - делінген сәрсенбі күні жарияланған баяндамада.