Accessibility links

Ошта жаңа билік пен Бәкиевті қолдаушылар қақтығысты


Қырғыстанның оңтүстігіндегі уақытша үкіметті қолдаушылардың митингісі өтіп жатқан Ош қаласында оған жиналған жұрт пен биліктен қуылған президент Құрманбек Бәкиевтің жақтастары қақтығысып қалды.

Қаланың орталығына жаңа билікті қолдайтын 4 мыңдай адам жиналса, сол маңайда осы күні Жалалабадтан Ошқа келген Қ.Бәкиевтің жақтастары да жиын өткізді.

Жаңа билікті қолдаушылар Бәкиев тұрған мінберге шықпақ болғанда төбелес болып, президенттің оққағарлары оны алып кету үшін әуеге оқ атуға мәжбүр болды.
Жиналғандар Бәкиевтің автокөлігін таспен атқылады.

Бішкектегі жаппай наразылық кезінде 84 кісі құрбан болды. Олардың қазасы үшін оппозиция Бәкиев пен оның маңайындағыларды айыптайды.
XS
SM
MD
LG