Accessibility links

Бразилиада БРҮҚ саммиті басталады


Бейсенбі күні Бразилия астанасында әлемдегі тез дамып келе жатқан 4 ірі ел – Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай басшыларының 2 күндік саммиті жұмысын бастайды.

Бұл – БРҮҚ деп аталатын топқа кіретін 4 мемлекет басыларының екінші басқосуы болмақшы. Талдаушылардың жорамалы бойынша, 4 лидер тағы да өз елдерінің дүние жүзінің экономикалық жүйесіндегі рөлдерін арттыру қажеттігін сөз етеді.

Бүкіл жер шары халқының 40 пайызы мен дүниежүзілік жалпы ішкі өнім көлемінің 20 пайызы осы топқа кіретін елдердің үлесіне жатады.
XS
SM
MD
LG