Accessibility links

Қытай премьері зілзала болған ауданға барды


Қытайдағы қуатты жет сілкінісінің құрбандары 617-ге жетті. Елдің апат болған солтүстік-батыс ауданына Қытай үкіметінің төрағасы Вэнь Цзябао барды.

Билік құрбандардың саны өсе түсе ме деп алаңдайды. Өйткені үйінділердің астында әлі талай адам қалды. 300-ден астам кісі хабар-ошарсыз кетті деп есептеліп отыр.

Зілзала болған Цинхай өлкесі әкімдігінің мәліметі бойынша, жергілікті 10 мың тұрғын жараланды.

Сәрсенбі күні болған жер сілкінісінің кіндігі таулы Юйшу оязына жақын жерде 6-дан 9 балға дейін жетіп, оязда ғимарат-үйлердің көпшілігі қирады. Көшкін салдарынан жолдар бұзылды.

Франция, АҚШ және Жапония табиғат апатының салдарымен күресу үшін Қытайға көмек көрсетуге әзір екендерін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG