Accessibility links

Киевте президент пен үкіметтің биліктен кетуін талап етеді


Украинадағы оппозицияға шыққан Юлия Тимошенконың блогы өздерінің сайлау алдындағы уәделерін орындамағаны үшін президент пен үкіметтен биліктен кетуін талап етті.

Тимошенконың үзеңгілестері «Янукович: зейнетақы мен жалақыны көтергенің қайда?», «Янукович: әлеуметтік бюджет қайда?» деп жазылған плакаттарын көтеріп, Жоғарғы Раданың мінберін бірнеше минут бөгеп алды.

Оппозицияның мәлімдеуінше, өз сайлаушыларын «алдап соққаны үшін» президент пен үкімет украин халқының алдында жауапа беруге міндетті.

Одан бұрын Тимошенконың жақын серігі, бұрынғы вице-премьер Игорь Турчинов «Не уәделеріңді орындаңдар, не жұртты алдағандарыңды ашық мойындап, биліктен кетіңдер!» деген үндеу жолдады.

Тимошенко блогының бұл әрекетіне тұрмысы нашарларға төленетін әлеуметтік төлемдерді көтеру туралы сайлау алдында президенттік Аймақтар партиясы депутаттарының өздері ұсынған заң жобасын қолдаудан бас тартуы себеп болды.
XS
SM
MD
LG