Accessibility links

БҰҰ комиссиясы: Беназир Бхутто пәкістандық биліктің оны дұрыс қорғай алмауынан қаза тапты


БҰҰ-ның арнайы комиссиясы Пәкістан билігін бұрынғы премьер-министр Беназир Бхуттоны дұрыс қорғай алмағандығының салдарынан қаза болды, сондай-ақ оның өліміне қатысты қылмыстық істі дұрыс жүргізбеді деп айыптады.

Комиссияның бейсенбі күні жарияланған арнайы баяндамасында БҰҰ-ның тергеушілері Пәкістан билігіне Бхутто өлімін «қасақана» дұрыс зерттемеді деген айып тақты.

БҰҰ-ның комиссия мүшелері қылмысты зерттеу әрекеттеріне пәкістандық арнайы қызмет пен үкіметтің лауазымды қызметкерлері «аса зор кедергілер келтірді» деп атап көрсетті.

Беназир Бхутто 2007 жылы 27 желтоқсанда, Равалпинди қаласында сайлау қарсаңындағы митингте, қастандық әрекеттің құрбаны болды.
XS
SM
MD
LG