Accessibility links

Отунбаева: Бакиев отставкаға кеткенімен оған қарсы іс тоқтамайды


Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев қырғыз немесе халықаралық сот алдында жауап беруі тиіс деп мәлімдеді уақытша үкімет басшысы Роза Отунбаева.

Жаңа билік Бакиевке сәуір айының басындағы халық толқулары барысында 80-нен астам кісінің өліміне қатысы бар деген айып тағып отыр.

Бейсенбі күні Бакиевтің Қырғызстаннан Қазақстанға ұшып келгені белгілі болды. Бакиев қызметтен кету туралы өтініш берді.

Бұрынғы президентке қатысты қылмыстық іс жабылған жоқ. Жаңа билік Бакиевтің бауырлары мен жақын жақтастары Қырғызстанда қалды деп мәлімдеді. Бейсенбі күні бұрынғы қорғаныс министрі Бақытбек Қалыевтің ұсталғандығы жарияланды.

AzattyqTV

Ресейдің "тыңшысы"

Kaspersky Lab. дауы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG