Accessibility links

2009 жылы Обама Медведевтен 50 есе көп табыс тапқан


АҚШ президенті Барак Обама мен әйелі Мишелдің 2009 жылғы ортақ табысы 5,5 миллион долларды құраған. Бейсенбі, 15 сәуір күні ерлі-зайыпты Обамалардың салық деклорациясы жарияланды.

Құжатқа сәйкес, отбасы табысының жартысы президент кітаптарының сатылымынан түскен. Соңғы жылдардағы Обаманың әдеби шығармашылығы оған бірнеше миллион көлемінде табыс әкелген.

Осы аптада Ресей президенті Дмитрий Медведев те өзінің табысын жариялаған еді. Ресей президенті өткен жылы 3,3 миллион рубль (шамамен 113 мың АҚШ доллар) көлемінде табыс тапқан. Бұл Обаманың табысынан шамамен 50 есе аз.
XS
SM
MD
LG