Accessibility links

Ресей америкалықтардың бала асырап алуына тыйым салды


Америка азаматтарының Ресейден сәбилерді асырып алуына байланысты туған проблемаларды шешу үшін АҚШ делегациясы Ресейге барады.

Өткен бейсенбі күні АҚШ-тың мемлекеттік департаменті мәлімдегендей, сапар алдағы аптаға жоспарланды. Оның алдында Ресейдің сыртқы істер министрлігі екіжақты арнайы келісімге келмейінше, америкалықтардың орыс балаларын асырап алуына Кремльдің уақытша тыйым салатынын мәлімдеді.

Кремльдің ондай шешімге келуіне таяуда Артем Савельев деген 7 жастағы ұл баланың тағдыры себеп болды. Ресей үкіметі хабарлағандай, асырап алған америкалық анасы баладан бас тартатынын жазып, оны Ресейге қайтарып жіберіпті.
XS
SM
MD
LG