Accessibility links

Кремль жаңа билік Бакиевтің қателігін қайталамайды деп үміттенеді


Ресей президенті Дмитрий Медведев биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің елден кетуінің арқасында Қырғызстандағы ахуал әрі қарай ушықпады деп есептейді.

Сондай-ақ Медведев Қырғызстандағы Бакиевтің билігі кезінде жіберілген қателіктер, атап айтқанда – жемқорлық, отбасылық билік, таныс-тамырлық сынды құбылыстарға жаңа билік жол бермейді деген үмітін білдірді.

Бразилияда жүрген президент Медведев, сонымен қатар, Ресей Украинамен газ бағасын арзандату мәселесін талқылауға әзір екендігін мәлімдеді.

Алдағы аптада ол Украина президенті Виктор Януковичпен кезектен тыс кездесу өткізетінін хабарлады.

Д.Медведев Бразилиада Бразилия, Қытай, Үндістан және Ресей басшыларының 2 күндік саммитінде сөз сөйледі.
XS
SM
MD
LG