Accessibility links

Н.Назарбаев: Ақорда Қырғызстанда азамат соғысын болдырмады


Қырғызстанда елдің оңтүстігі мен солтүстігі арасынан шығуы мүмкін азамат соғысына Қазақстан жол бермеді. Жұма күні Астанада арнайы өткізген баспасөз-маслихатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қазір төрағалық ететін Қазақстан өзінің міндетін жақсы орындады.

Президент Назарбаев Қырғызстанның саяси күштерін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, Қырғызстанның билігін қалпына келтіруге шақырды.

Биліктен түсірілген президент Қ.Бакиев пен оның отбасы бейсенбі күні Қазақстанға ұшып келгенін Назарбаев та растады. Ол атап көрсеткендей, 15 сәуір күні Қазақстанның әскери әуе күштерінің ұшағы арнайы әскери топтың бөлімін алып Алматыдан ұшып шықты. Кешкі сағат 19.15-те Жалалабадқа қонып, сағат 20.15-те Бакиев пен оның отбасын алып Таразға келіп қонды.

Н.Назарбаев, сонымен қатар, Қ.Бакиев – осы мәселе бойынша Қырғызстанның уақытша үкіметімен арадағы келіссөз аяқталған соң ғана елден кете алды деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG