Accessibility links

Вулканның күлді тозаңы Еуропадағы әуе қатынасын тоқтатты


Британиядан Балтық елдеріне дейінгі әуе кеңістігі толық және кейбір жерде жартылай жабылып, мыңдаған әуе ұшақтары Исландиядағы жанартаудың атқылауынан ұша алмай қалды.

Ресмилер әуеге көтерілген күлді тозаң, оңтүстікке қарай баяу жылжып сенбі күні де ұшақтардың ұшуына жол бермей отыр деді. Бұл күндері жүзмыңдаған жолаушы ұшақтарының рейсі кейінге қалғанына байланысты баратын жағына жете алмай отыр.

Әуе кеңістігін бақылаушылардың айтуынша, сенбі күні жанартаудың күлді тозаңынан сақтанып Еуропа бойынша 16 мың әуебағыты тоқтатылды.

Сәрсенбі күні Исландияда атқылаған жанартаудың көкке көтерілген күлі Еуропаның әуе кеңістігін жабуға әкелді. Британия, Франция, Германия әуежайлары әлі де жабық тұр. Қою бұлтқа ұқсаған жанартаудың күлді тозаңы оңтүстікке қарай жылжығандықтан, Еуропаның шығысы мен оңтүстігіндегі әуежайлар да жабылды.
XS
SM
MD
LG