Accessibility links

Польша президенті мен басқа да ресмилермен қоштасу рәсімі өтеді


Бүгін жүзмыңдаған польшалық Варшавада осыдан бір апта бұрын ұшақ апатынан қаза тапқан президент Лех Качиньский мен оның зайыбы Мария Качиньска және басқа да ресми тұлғалармен қоштасу рәсіміне қатысады.

Өткен сенбі күні Ресейдің батысына Совет кезінде өлтірілген мыңдаған полякты еске алу шарасына бара жатқанда президенттің Ту-154 ұшағы апатқа ұшыраған.

Енді Исландия жанартауының күлінен әуеқатынасы тоқтап, бірқатар елдердің жетекшілері Польша президентін жерлеу рәсіміне келе алмауы мүмкін дегеніне қарамастан, президенттің отбасы жексенбі күнге жоспарланған Краковтағы жерлеу рәсімін кейінге қалдырмауға шақырған.
XS
SM
MD
LG