Accessibility links

Пәкістанда босқындар лагерінде екі жарылыс болды


Бүгін Пәкістанның солтүстік-шығысында орналасқан БҰҰ-ның босқындар лагерінде екі бірдей жарылыс болып, кемінде 32 адамның өмірін қиды.

Бірінші жарылыс Кохат қаласының сыртындағы лагерде босқындар қайырымдылық көмегін алу үшін кезекте тұрғанда болды. Екіншісі, сол жараланғандарға көмектесуге адамдар жиналып жатқанда болды.

Кохат полициясының өкілі Халид Омарзай бұл шабуылддардың жікшілдік астары бар деді.

Босқындардың көбісін Оракзай тайпалы ауданындағы пәкістандық күштердің операциясынан қорғанып, бас сауғалап барған шийт мұсылмандары құрайды. Радикалды сүннит талибандары аймақтағы шийт мұсылмандарын жиі нысанаға алады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG