Accessibility links

Алматыда қоғамдық мәселелерді көтерген митинг өтті


Бүгін Алматыда оппозиция бастаған шағын топ митинг өткізді. «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Алматыдағы Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, қалалық әкімшіліктің орталық алаңдарда бейбіт жиын өткізуге рұқсат етпей отырғанына қатысты наразылық акциясын өткізді. Бұл шараны полиция бастан-аяқ бақылап тұрды.

Наразылық акциясына қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Оппозиция мүшелері биліктен тарифтер мен бағаны өсірмеуді және қазба байлықтарын шетке сатпауды талап етті.

Қоғамдық ұйым өкілдері Кедендік одаққа қарсы екенін білдіре келе, үш елдің экономикасымен өмір сүру Қазақстанның тәуелсіздігі мен ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді деді. Митингке жиналғандар Қытайға жалға жер беру мәселесіне де қарсы екендіктерін мәлімдеп жатты.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG