Accessibility links

Сирия, Ливан және Ирақ Иранның ядролық бағдарламасын қолдады


Бүгін Сирия, Ливан және Ирақ елдері Теһранның ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта деп, оған қолдау танытты.

Теһранда өтіп жатқан екі күндік ядролық қарусыздану конференциясында сөйлеген Ирақ сыртқы істер министрі Хошияр Зебари "біз Иранға қарсы қандайда бір қауіпті қабылдамай, бейбіт энергия көзін алуға Иранның құқы бар деп білеміз "деді. Оның Ливандық әріптесі Али әл-Шами бұл мәселеде Иранды емес Израилді ядролық арсеналынан көбірек айыру қажет деген.

Сенбі күні Иранда ядролық қарусыздану конференциясы ашылып, онда президент Махмуд Ахмадинежад ядролық қарусыздануды бақылайтын жаңа халықаралық ұйым құруға шақырды.

Ахмадинежадтың ойынша, ядролық қарусыздану мен қару таратуға тосқауыл қоятын әрі жоспар құратын тәуелсіз халықаралық топ құрылуы керек.

Ирандағы ядролық қарусыздану конференциясына 12 елдің өкілдері қатысып жатыр. Олардың қатарында Түркменстан, Армения және Ресейдің сыртқы істер министрлері бар.
XS
SM
MD
LG