Accessibility links

Әлем жетекшілері Польша президентін жерлеуге бара алмады


Әлем жетекшілері еуропалық әуежайлар Исландия вулканының күлді тозаңынан қауіптеніп жабылып қалған соң, Польша президенті Лех Качиньскийді жерлеу рәсіміне бара алмады.

АҚШ президенті Барак Обама, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Николя Саркози, Британия ханзадасы Чарльз, Еуропалық комиссия басшысы Жозе Мануэль Баррозу мен Түркия президенті Абдулла Гүл өздерінің жексенбі күні Краковта өтетін жерлеу рәсіміне қатыса алмайтындықтарын айтты.

Ресей президенті Дмитрий Медведев тарапынан мұндай хабар әзірге түспеген.

Польша президенті Лех Качиньский мен оның әйелі Мария және тағы 94 польшалық ресмилер мен қоғам қайраткерлері сәуірдің 10-ы күні Ресейдің батысындағы совет кезінде қырылған поляк офицерлерін еске алу шарасына бара жатқанда ұшақ апатына ұшыраған.
XS
SM
MD
LG