Accessibility links

Жанартаудың күлді тозаңы қаупінен Еуропадағы әуеқатынасы әлі тоқтап тұр


Еуропалық әуежайлар мыңдаған рейстерін кейінге қалдырып, жүзмыңдаған жолаушылар барар жеріне жете алмай отыр. Оған Исландиядаңы жанартаудың жануынан болған күлді тозаң Еуропаның әуе кеңістігінде оңтүстік-шығысқа қарай баяу жылжып ұшақтардың моторына қауіп төндіріп тұр.

Еуропаның орталығы мен солтүстігіндегі әуе кеңістігі жабылып, сенбі күні 17 мыңдай ұшақ әуеге көтерілмей, сапарларын кейінге қалдырды. Көптеген елдердің әуежайлары дүйсенбіге дейін жабылып қалды.
XS
SM
MD
LG