Accessibility links

Ауғанстанда екі голландиялық әскер мерт болды


АуғанстандағыНАТО күштері құрамында қызмет етіп жатқан екі голландиялық сарбаз жол бойына қойылған бомба жарылысынан қаза тапты.

Нидерландының қорғаныс министрлігі ол әскерлердің Урузган провинциясында қолдан жасалған бомбаға түскенін айтты. Тағы бір әскер ауыр жараланған.

Бүгінде Ауғанстанда Нидерландының 1,600 жасағы орналасқан. Олардың миссиясы тамыз айында аяқталады.

Голландиялық үкімет ақпан айында Ауғанстандағы әскерлерді қалдыру керек пе, жоқ па деген даудан кейін тараған болатын.
XS
SM
MD
LG