Accessibility links

Шығыс Қазақстанда су тасқынының екінші толқыны басталды


Қазақстанның шығысында су тасқынының екінші толқыны басталды. Бұл туралы төтенше жағдайдың алдын алу және оның салдарын жою жөніндегі облыстық жедел штабтың жұмыс тобының жетекшісі, жедел штаб бастығының орынбасары Таумұрат Лұқпанов мәлімдеді.

«Сәуірдің 15-інен бастап өңірде күн жылына бастады, кей жерлерде температура плюс 15 градусқа дейін жетіп отыр. Соның салдарынан қар күрт еруде. Оған қоса, екі күн бойы жауған жаңбыр тоғандарға қосымша жүк түсіріп отыр», - деді Т.Лұқпанов.

Ол, мамыр мен маусым айының басында таудан су аға бастаған кезде, тасқын судың үшінші толқыны күтілетінін атап өтті.
XS
SM
MD
LG