Accessibility links

Бакиевті Беларусь президенті Лукашенко өз еліне шақырады


Беларусь президенті Александр Лукашенко Қырғызстанның биліктен қуылған президенті Құрманбек Бакиевті өз еліне шақырып отыр. Лукашенко өз сөзінде Бакиевті «қымбатты қонақ әрі әріптес» екенідігін атап өтті. Сонымен бірге, егер Бакиев пен оның отбасына қандай да бір көмек қажет болса, Беларусь қуана қол ұшын береді, деп атап өтті.

Сәуірдің 15 күні Бакиев, Қазақстанның Тараз қаласына ұшып келген болатын. КазТАГ агенттігінің хабарлауынша, сенбі 17 сәуір күні Құрманбек Бакиев Біріккен Араб Әмірлігіне (Дубай) ұшып кеткен.
XS
SM
MD
LG