Accessibility links

Бакиевтің қолдаушылары Жалалабадта жиналды


Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің қолдаушылары бүгін елдің оңтүстігіндегі Жалалабад қаласында шеру өткізді. Қаланың орталық алаңында өткен шеруге шамамен 1500 адам қатысты деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі. Бакиевтің жақтастары уақытша үкіметке қарсы үндеулер жазылған ұрандарды алып шыққан.

Биліктен қуылған Бакиев бейсенбі күні Қазақстанға ұшып кеткен болатын. Сәуірдің 7-де Бішкекте орын алған толқулар барысында 80-нен астам адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG