Accessibility links

Бакиев Қазақстаннан кетті


Биліктен қуылған қырғыз президенті Құрманбек Бакиев Қазақстаннан кетті. Бұл мәліметті дүйсенбі күні Қазақстанның сыртқы істер министрлігі растады. Бірақ министрлік Бакиевтің қайда кеткендігі туралы өзінде ақпараттың жоқтығын хабарлады. Расталмаған ақпараттарға сәйкес, Қырғызстанның бұрынғы президенті Бакиев сәуірдің 17-де Біріккен Араб әмірліктеріне ұшып кеткен.

Сәуірдің 7-дегі халық толқуынан кейін елдің оңтүстігіне қашып кеткен Бакиев бейсенбі күні кешке Жалалабадтан Таразға ұшып келген болатын. Үкіметке қарсы наразылық шаралары барысында орын алған қақтығыстарда 80-нен аса адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG