Accessibility links

ЕҚЫҰ төрағасы Саудабаев Бішкекке барады


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев сәуірдің 20-да Бішкекке барады. Ол Қырғызстанның уақытша үкіметімен, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен және бірқатар саяси партиялардың жетекшілерімен кездеседі. Бұл туралы дүйсенбі күні Астанада Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, Саудабаев сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бішкектегі өкілдігіне барып, елдегі толқулардан кейін қалыптасып отырған жағдайды талқылайды.
XS
SM
MD
LG