Accessibility links

ЕуроОдақ жолаушылардың қауіпсіздігіне қатысты бір ымыраға келмеді


Еуропа Одағы жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты бір ымыраға келе алмай отыр. Бұл уақытта еуропалық әуе кеңістігіндегі жағдай ушығып барады. ЕуроОдақтың бәсекелестік бойынша комиссары Джоакуин Алмунияның мәлімдеуінше, дағдарысқа ұшырап отырған еуропалық әуе компанияларына мемлекеттік көмек көрсетілуі мүмкін. Исландиядағы жанартаудың оянуына байланысты әуежайлардың жабылуы әуе компанияларына күніне 250 миллион доллар шығын әкеліп жатыр.

Еуропа кеңістігінің басым бөлігі бесінші күн жабық тұр. Халықаралық авиация өнеркәсібі тобы Еуропаның дағдарыспен күрес шараларын сынап, әуежайларды тезарада ашуды талап етті. Жоғары биіктікте сынақ ретінде өз ұшақтарын ұшырып көрген бірқатар авиакомпания өкілдерінің айтуынша, ешқандай қауіп жоқ.
XS
SM
MD
LG