Accessibility links

Йорк герцогы Haileybury Almaty мектебіне жоғары баға берді


Осы аптада жоғары мәртебелі Йорк герцогы Эндрю ханзаданың Қазақстанға, Ұлыбританияның инвестиция және сауда мәселелері бойынша арнайы өкілі ретіндегі ресми сапары басталды. Дүйсенбі күні ол Алматыдағы Haileybury Almaty ағылшын мектебінде болды.

Білім ордасының директоры Эндрю Остердің айтуынша, Йорк герцогы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында Haileybury мектебінің Астанада бөлімшесін ашу туралы әңгімелесуі мүмкін. Э. Остердың сөзінше, ханзада Алматыдағы мекбепті Ұлыбританияның жеке мектептерімен салыстырып, жоғары баға берген.

Йорк герцогы Қазақстан президенті және үкімет басшысымег кездесіп, Алматы, Астана және Атырау қалаларында бірқатар іскерлік кездесулер өткізеді деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG