Accessibility links

Түркия Иранның ядролық мәселесін шешуде арағайындық жасауға әзір


Түркия Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дауды шешу үшін арағайындық жасауға дайын. Бұл туралы Теһранға ресми сапармен барған Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу мәлімдеді. Оның айтуынша, Түркия Иранның ядролық мәселесіне қатысты мәселені дипломатия арқылы шешуге көмектесуі мүмкін. Түркиялық әріптесімен бірге баспасөз маслихатын өткізген Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки Анкараның ұсынысына байланысты нақты пікір білдірмеді.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамақшы деп қауіптенеді. Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG