Accessibility links

Каримовтың Ресейге сапары жалғасып жатыр


Мәскеуге барған Өзбекстан президенті Ислам Каримов бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведевпен келіссөз өткізеді. Каримов Қырғызстандағы оқиғалардан кейін Ресейге барып отырған алғашқы Орталық Азиялық президент.

Дүйсенбі күні Каримов пен Медведев бейресми келіссөз өткізді. Олар сейсенбі күні Мәскеудегі ресми кездесуде екіжақты келісімдерге қол қояды деп хабарланып отыр.

Каримов аймақтық ынтымақтастық жөніндегі Кремлдің жобаларын тоқтатқан соң екі ел арасындағы қарым-қатынастар соңғы кездері шиенелісе түскен болатын. 2009 жылы Ташкент Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының жобасына қосылудан бас тартты. Бұрынғы Совет республикалары арасындағы аталмыш әскери альянсты Мәскеу басқарады.
XS
SM
MD
LG