Қырғызстанның уақытша үкіметінің жетекшісі Роза Отунбаева елдегі қақтығысты шешуге Қазақстанның көмектескені үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қанат Саудабаевқа алғысын білдірді. Бұл туралы "ҚазТАГ" агенттігі хабарлады.
Отунбаева Қырғызстанда қантөгістің алдын-алғаны үшін Қазақстан билігіне рахмет айтты. Отунбаеваның мәлімдеуінше, биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің көптеген туысы елде қалған, уақытша үкімет оларға қатысты барлық мәселелерді шешетін болады.