Accessibility links

Қырғыз ауылындағы қақтығыста бір қазақ азаматы қаза тапты


Бішкектің жанындағы Маевка ауылында орын алған қақтығыста Қазақстан азаматы қаза тапты деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Ілияс Омаров. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлап отыр.

Омаровтың мәліметінше, 40 жастағы қазақ азаматы Карибов басынан жарақат алып, қаза болған.

Дүйсенбі күні Маевка ауылында бұзақылар негізінен этникалық орыстар мен месхет түріктерінің үйлеріне шабуылдаған болатын.

Денсаулық сақтау ресмилерінің айтуынша, зорлық-зомбылық әрекеттерінен 5 адам қаза тауып, 30-ға жуық кісі жарақат алған.
XS
SM
MD
LG