Accessibility links

Ирақта "Әл-Қаиданың" тағы бір жетекшісі өлтірілді


Ирақ пен АҚШ күштері "Әл-Қаида" ұйымының Ирақтағы аймақтық жетекшісін өлтірді. Ахмед әл-Обейди лаңкестік ұйымның соңғы тәулікте өлтірілген үшінші басшысы. Бұл туралы сейсенбі күні Ирақ әскерилерінің баспасөз хатшысы Кассим әл-Муссави хабарлады.

Оның алдында "Әл-Қаиданың" екі жетекшісі - Абу Аюб әл-Масри мен Шейх Абу Омар әл-Бағдади Салах әл-Дин өлкесінде өлтірілген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG